Bugin

Қазақстанда ет қымбаттады

Былтыр 800 мыңнан аса мал сойылған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда жұмыртқа мен күнбағыс майымен бірге ет те қымбаттауда.

LS статистикасы көрсеткендей, еттің арасында ең көп қымбаттағаны – қойдың еті. 2021 жылдың деректеріне сүйенсек, қой етінің бір келісінің орташа бағасы 2093 теңгеге (+21,8%), сиыр етінің бағасы – 2066 теңгеге (+13,8%), жылқының еті – 2328 теңгеге (+14,1%) қымбаттаған.

2020 жылы Қазақстанда 152 мыңнан аса ұсақ мал, 521 мың бас ірі қара, 143 мың жылқы, 7 мыңнан аса түйе сойылған.

Қазақстан былтыр шетелге 9 мың тонна сиыр етін, 1,2 мың тонна қой мен қозы етін, 12,5 мың тоннадан аса тауық етін сатқан.

Ал шетелден 35 мың тонна сиыр етін, 2 мың тонна жылқы етін, 182 мың тонна тауық етін сатып алған.