Саясат

Ресей ықпалы артуда: орыс тілін үйретуге 100 мұғалім келді

Ресейдің ықпалы артуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзбекстанға 2-наурыз күні орыс тілін оқыту мақсатында Ресейден 100 мұғалім келді. Бұл Өзбекстанға келген үшінші топ. Жоба Ресейдің ағарту министрлігі аясында іске асырылуда.  

Жаңа топтың құрамында 12 бағыттағы мамандар, магистранттар мен аспиранттар бар. Олар Өзбекстанның түрлі аудандары мен қалаларында орыс тілін үйрететін болады. 

70 адам Өзбекстанның мектептерінде сабақ берсе, 30 адам жергілікті педагогтардың біліктілігін арттыру бағытында жұмыс істемек. Ресейлік мұғалімдер қазір Өзбекстанда орыс тілін үйретудің жаңа бағдарламасын жасау үстінде, 2021-жылдың қыркүйегінен бастап өзбек оқушылары сол бағдарлама негізінде орыс тілін тереңдетіп оқитын болады. "Класс!" жобасы аясында Ресей 30 мың Өзбекстан ұстаздарына орыс тілін үйретпек.