Bugin

Борат Қазақстанға келгісі келеді

Боратты әзілмен, қалжыңмен қабылдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Жер өртеп аты шыққан" әйгілі комик, актер Саша Барон Коэн Қазақстанға келгісі келеді. Бұл жайлы ол Ресейдің Известия басылымына берген сұхбатында айтты.

Жақында Саша Барон "Борат-2" фильмін түсіріп, комедиялық рөл сомдағаны жоғары бағаланып, "Алтын глобустың" екі номинациясын жеңіп алған еді. Енді Алтын глобусты алып Қазақстанға келмек...

Саша Барон Коэнді әлемге танытқан кейіпкердің бірі – Америкаға саяхаттауға барған қазақ журналисі Борат Сағдиев еді. Бұл образ Саша Баронға біршама атақ пен даңқ әкелді. Жақында екі бірдей Алтын глобус алды. Қазақстан жұртын "жамандаған" фильм елдің ашу-ызасына тиді. Халықтың намысына тиетін кино түсірді, Қазақстанда қарабет қылды деп айыптады.  

Алайда Коэнның өзі фильмді Қазақстан жұрты қуана қарсы алды деп ойлайды екен. Оны ол басылымға берген сұхбатында айтты.

"Қазақстанның өзінде тұратын қазақтар маған риза екенін айтты. Боратты әзілмен, қалжыңмен қабылдады", - дейді ол.

Ал журналисттің "Қазақстанға келуге дайынсыз ба?" деген сауалына "Егер шақырса, қуана барамын" деп жауап берді.

Сондай-ақ, соттаудан қорықпайтынын айтты.

"Менің мамандығым – сатира жасау. Сатира жасаймын деп өзім де талай басым бәлеге қалды. Сондықтан сатирикті сотқа тарту әдеткі жағдайға айналды. Мен соттан қорықпаймын. Керісінше, мені соттауға тырысқан сайын, фильм де атақты болмақ. Маған керегі де осы", - деп мәлімдеді Коэн.