Bugin

Көкшетаулық алаяқ қазақстандықтардың 70 млн теңгесін жымқырды

Ақмола полициясы интернет-ресурстарды пайдаланып пирамида схемасын ұйымдастырған алаяқты анықтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көкшетаулық алаяқ қазақстандықтардың 70 млн теңгесін жымқырды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көкшетау қаласының полициясына 65 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген. Оның айтуынша, бейтаныс әйел алаяқтық жолмен интернет-ресурстардың көмегімен 63 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденіп алды. Бұл факт туралы тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлімі «Алаяқтық» ісі бойынша сотқа дейінгі істі жүргізуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Көкшетау қаласының 48 жастағы тұрғыны 2020 жылы пирамида схемасын ұйымдастыру үшін WhatsApp желісінде топ құрғаны анықталды. Ақтау, Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан, Павлодар және басқа қалалардан 20-ға жуық адам оның құрбаны болды. Адамдарға келтірілген залалдың жалпы сомасы 70 миллионнан астам теңгені құрады.

Алаяқ әйел өз кінәсін мойындады.