Bugin
Қазақстандықтар бұл жаңалықты әлеуметтік желіде қызу талқылап жатыр
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comНұр-Сұлтан әкімдігі көпбалалы аналарға Халықаралық әйелдер күніне орай 7293 теңгеден береді. Бұл туралы Bugin.kz платфоромасы Zakon.kz -ке сілетеме жасап хабарлайды.
Әкімдік баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева мәслихаттың бұл шешімі 2017 жылдың соңында қабылданғанын айтты.
"Әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне сәйкес, қала мәслихатының 2017 жылдың 12 желтоқсандағы No221 / 25-VI бекітілген шешімі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының мөлшерін белгілеу және олардың тізімін анықтап, көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған отбасыларға 8 наурызға (Халықаралық әйелдер күніне) дейін 2,5 АЕК (7 293 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек тағайындалады", - деп жазды ол.
Оның айтуынша, әйелдердің тізімін "Азаматтарға арналған үкіметтің" Нұр-Сұлтан филиалы ұсынады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61