Bugin

Ресейде 12 телеарна өзбек тілінде хабар таратуға рұқсат алды

Алғаш рет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің SPB TV компаниясы Өзбекстанның Ұлттық телерадиокомпаниясымен келісімге келіп, Ресей аумағында 12 өзбек арнасының хабар таратуға рұқсат берді. Бұл жайлы ТАСС агенттігі хабарлады.

Дистрибуция алған 12 телеарнаның барлығы – Өзбекстанның ұлттық телеарналары: жаңалықтар, спорт пен ойын-сауық арналары.

"Келісімшарттың арқасында Өзбекстан телеарналары Ресей мен ТМД аймағында алғаш рет өзбек тілінде хабар таратуға мүмкіндік алды. Өзбек тілінде ақпарат тарайтын аудиторияның көлемі, кем дегенде, 2,5 млн адам", - делінген SPB TV-нің баспасөз хабарламасында.

Өзбек арналары наурыз айынан бастап хабар таратуды бастамақ.

Ресейде қазірде 2 млн өзбек азаматы тұрып жатыр. Телекомпанияның мақсаты – осы азаматтарға ана тілінде ақпарат алуына көмектесу.

"Өзбек тіліндегі контентті ұсыну арқылы жарнама тартып, монетизация жасау ойымызда бар", - деп түсіндіреді SPB TV компаниясының бас директоры Кирилл Филиппов.