Bugin
Екі ел – көрші әрі стратегиялық серіктес
Қазақстанда іссапармен жүрген қырғыз президенті Садыр Жапаров қазақстандық кәсіпкерлермен кездесу кезінде осылай деді. Оның айтуынша, Қазақстан мен Қырғызстанның өзінің сауда-саттық әлеуетін барынша кең қолдануы тиіс. Бұл жайлы Sputnik Қырғызстан хабарлады.
Жапаровтың айтуынша, Қазақстан – Қырғызстанның ең ірі сауда серіктесі. Пандемия дағдарысына қарамастан екі ел арасында сауда 9 пайыз өскен көрінеді.
"Екі ел – көрші әрі стратегиялық серіктес. Бұл қазақ кәсіпкерлерінің Қырғызстанда инвестициялық жобалар бастауына үлкен мүмкіндік. Оның үстіне, екі ел сауда-саттық әлеуметін толықтай қолдана алмай отыр. Қырғызстан қазір инвестиция тартуға барын күшін салуда. Түрлі жеңілдік пен сауда саясатын жақсартудың жолдары жасалып жатыр. Әсіресе, инвестициялық нысанның қауіпсіздігіне мән берілуде", - дейді Жапаров кездесуде.
Сондай-ақ сөз барысында Жапаров екі елдің кедендік және салық саласындағы талаптары жеңілдегенін, бұл саладағы қызметтің ашық әрі сапалы бола бастағанын тілге тиек етті.