Әлем жаңалықтары

Zoom қосымшасы 882,5 млн доллар пайда көрді

Карантин кезінде Zoom-ның табысы 369%-ға артты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Zoom 2020 жылдың сонғы төрт айына арналған көрсеткішін жариялады: компанияның кірісі 369%-ға 88,3 миллионнан 882,5 миллион долларға дейін өскен. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

2019 жылы компания тек 15,3 миллион доллар тапса, бұл көрсеткіш соңғы төрт айда 369%-ға  артты.

«Пандемия бизнеске қатаң жағдай туғызғанымен, Zoom-ды жылдың ең танымал қосымшаларының біріне айналдырды»,- деді Zoom қосымшасының бас директоры Эрик Юан.

Zoom акциялары 1 наурызда сауда орындары жабылғаннан кейін шамамен 10%-ға өсті. Биржаның мәліметтері бойынша компанияның капитализациясы $ 119,5 млрд құрайды.