Bugin
Әлемде талай қызық бар. Солардың бірі ирлан әйелі Марджори бастан кешкен қызық оқиғасы туралы баяндасақ
1705 жылы безгектен ирландық Марджори МакКолл қайтыс болады. Оның ауруының жайылуын тоқтату үшін тезірек жер қойнына табыстайды. Оның күйеуі әйелінің қымбат сақинасын шешіп алуға тырысса да, шеше алмайды.
Әйел саусағындағы қымбат сақинасымен бірге жерленеді. Жерленгендердің табытын тіміскілеп, алтын-бұйымдарды жинайтын ұрылардың нысанасына айналды. Тура сол кеште, жер әлі құрғай қоймаған шағында, мүрдені қазып, ұрылар табытты шығарады. Сақинаны шығара алмайтынын біліп, саусақты кеспекші болады. Саусақты кескен сәтте, Марджори комадан оянады да, табытқа отыра сала, жан дауысымен шыңғырады.
Ұрылардың тағдыры беймәлім: біреулері олардың сол жерде сеспей қатқанын айтса, енді бірі олардың алды-артына қарамай қашқанын айтады.
Марджори мүрдеден шыға салысымен, үйіне қарай беттейді. Марджоридің күйеуі Джон МакКолл балаларымен бірге үйінде болған, есікті қаққан дыбысты естіп, балаларына «Егер сендердің аналарың тірі болғанда, бұл соның есік қаққаны болар еді» деген екен. Есікті аша бере, саусағынан қан тамшылаған әйелін көріп, талып қалып, сол жерде жан тәсілім етеді. Оны әйелі босатқан табытқа жерлейді.
Ал Марджори ұзақ жыл өмір сүреді. Тағы да күйеуге шығып, балалы болады. Ол қайтыс болғанда, өзінің бұрынғы Шенкиллдегі (Лурган, Ирландия) мүрдесіне қайта желенеді. Оның көктасына: «Бір рет өмір сүрді, екі рет жерленді» деп жазылды.