Саясат

Freedom House: Қазақстанда авторитарлы режим

Үкіметтік емес Freedom House ұйымының статистикалық мәлімдемесі бойынша Қазақстан авторитарлы режимде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Freedom House – тікелей аудармасында "бостандық үйі" маңынасын беретін үкіметтік емес ұйым. Штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан. Бюджеті АҚШ үкіметі қаржыландыратын гранттар есебінен 66-80% құрайды.

1941 жылы Элеонора Рузвельт пен Уэнделл Уилкинің негізін қалаған. 1978 жылдан бері саяси әрі азаматтық бостандықты зерттеумен айналысады. Бүгінде ұйымның мониторингі арқылы әлем елдерінің демократиялық өзгерістері, демократиялық қолдауы және қорғау процесстері жүргізіледі. Мүшелігіне саяси лидерлер, журналистер, дипломаттар мен ғалымдар кіреді.

Мақалада Freedom House-тың 2021 жылдың 4 наурызында көрсеткен статистикасын ұсынамыз. Максимум ұпай – 100. Қаншалықты жоғары болса, соншалықты еркін, демократиялы мемлекет саналады. Қазақстан 23 орынды иеленіп, еркін емес елдер қатарына кіріп тұр. Саяси тілде айтатын болсақ, консолидарлы авторитарлы режимде.

Салыстырмалы түрде көрсетейік: жартылай еркін саналатын Қырғызстан - 38; еркін емес Ресей - 20, Өзбекстан - 10, Түркіменстан - 2, Оңтүстік Суданда тіпті (- 2) ұпай. Ал 100 ұпай алған Норвегия, Финляндия, Швеция елдері.

Айта кетейік, кейінгі жылдары Қазақстан тек авторитарлы елдер тізімінен ары аспай тұр.