Bugin

Шетелге шығын: Қазақстаннан Түркияға қанша ақша аударылды?

Шетелден аударылған қаржы үш есе аз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстаннан шетелге асқан қаржы айтарлықтай көбейіп, біздің елге аударылатын қаржы керісінше азайған.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сүйенсек, 2021 жылы қаңтарда шетелге аударылған қаржының көбі Ресей мен Түркияға кеткен. Елден шетелге барлығы 55 млрд теңгеге жуық қаржы аударылса, оның 13 млрд теңгесі Ресейге, 12 млрд теңгеден астамы Түркияға асқан.

Ал Қырғызстанға 10,5 млрд теңге, Өзбекстанға 8,8 млрд теңге аударылған.

Ал шетелден Қазақстанға аударылған қаржы – 20 млрд теңгенің айналасы. Ең көбі Ресейден аударылған, 4,2 млрд теңге. Одан кейін Өзбекстан тұр, ол жақтан Қазақстанға 3,3 млрд теңге аударылған. Ал Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүргендер 3,1 млрд теңге аударған екен.

Сондай-ақ, АҚШ-тан 2 млрд теңге, Қырғызстаннан 2,4 млрд теңге келген.