Қазақстан жаңалықтары

Қуат Хамитов: "Шенеуніктер шетелде емделмесін"

Спортшы шенеуніктер еліміздегі мемлекеттік клиникаларда қаралуы тиіс деп есептейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қуат Хамитов шенеуніктердің шетелде және жекеменшік клиникаларда емделуіне тыйым салу керек деп санайды. Спортшы өз пікірін Instagram парақшасында жазды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Белгілі файтердің сөзінше, билік басындағылар "отандық медицинаға немқұрайлы қарайды". Сол себепті осы саланың кем-кетігін олар өз көзімен көруі тиіс деп санайды.

Менің ойымша, біздің шенеуніктерге, депутаттарға және олардың отбасылары мен туыстарына шетелде, сондай-ақ біздің жекеменшік клиникаларда емделуге, босануға тыйым салу керек. Олар тек мемлекеттік клиникаларда қаралуы тиіс. Мүмкін олар мәселені өз көзімен көргенде ғана осы салада дұрыс шешім қабылдай бастайтын шығар!”, - деп жазды.