Әлем жаңалықтары

Илон Масктың зымыраны жарылды

SpaceX компаниясы шығарған Starship зымыранының оригиналы жерге қонғаннан кейін бірнеше минуттан кейін жарылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

SpaceX компаниясы шығарған Starship зымыранының оригиналы жерге қонғаннан кейін бірнеше минуттан кейін жарылды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін тасығыш-зымырандағы қозғалтқышта ақау табылғаннан кейін ұшыру әрекеті бірнеше сағатқа кейінге шегерілген болатын. Кейін зымыран ұшырылып, шамамен 10 шақырым биіктікке көтерілген. Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, зымыран қону алаңына сәтті қонғаннан кейін, 8 минуттан соң ғана жарылды.