Әлем жаңалықтары

Пәкістанда екі басты сәби туылды

2 наурызда Синд провинциясының Бадин қаласындағы жеке ауруханада бір әйел екі басты ұл туды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2 наурызда Синд провинциясының Бадин қаласындағы жеке ауруханада бір әйел екі басты ұл туды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Geo news-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігерлердің айтуынша, анасы мен баласы сау, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Аға гинеколог Нурсат Бабу Хати ультрадыбыстық сканерлеу кезінде баланың миы екі бастың арасында бөлінгенін көрсетті. Нәрестенің жағдайы тұрақты деп бағаланды. Дәрігерлер баланың басын ажырату үшін ота жасап, оларды қосымша тексеріске алды. Болашақта асқынып кетпес үшін анасы мен жаңа туған нәрестелерді дәрігерлер қадағалайды. 

Бұған дейін Үндістанның Уттар-Прадештегі Шахджаханпур қаласының тұрғыны сиам егіздерін дүниеге әкелген болатын. Балалардың екі асқазаны бар, ал өзге мүшелері бірге біткен.

Жаз айында Өзбекстанның Самарқанд қаласында екі басты сәби өмірге келді. Олар диэнсфаликалық парапага деген сирек кездесетін ауру түріне шалдыққан.