Bugin

Tik-Tok әлемі

Қазіргі таңда ең актуалды тіпті instagram, facebook деген сияқты әлеуметтік желілерді басып озған Тик-ток жайында сіз не білесіз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Tik-Tok – қытайлық әлеуметтік желі. Ол қысқа музыкалық бейнероликтарды түсіруге, түрлі хабарлармен алмасуға мүмкіндік береді. Tik-Tok-ты еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін түсіріп жүргені өтірік емес. Әркім тик-токты әртүлі бағалайды. Бірі мақтап жатады, енді бірі бос уақыт өткізу деп даттайды. Сүйікті ісін табыс көзіне айналдыру арқылы табыс тауып жатқан адамдар да аз емес. Tik-Tok-тың тренд бейнероликтерін түсірем деп ажал құшқандары да бар. 24 қаңтарда Италияда 10 жасар қыз қайтыс болды. Қайғылы оқиға Италияның Сицилия аралының астанасы Палермода болды. Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі челлендж аясында қатысушыларға бейнені жазу кезінде белдікті байлап, демін ұстау ұсынылды. Жуынатын бөлмеде қызды әпкесі тапты. Марқұмның жанында телефон тұрды. Оны ауруханаға жеткізді, бірақ дәрігерлер оны құтқара алмады. Осы тұста баланың отыратын әлеуметтік желісін, бақылайтын бейнероликтерін ата-ана қадағалауға тиіс. Әлеуметтік желілерге кіру, жалпы ғаламторда отыру – заман талабы. Бірақ әр адам виртуалды өмір мен шынайы өмірдің аражігін ажырата білуі қажет.