МӘДЕНИЕТ
Қазақ киноиндустриясындағы тұңғыш телевизия саласынының мамандарына арналған 12 сериядан тұратын отандық туынды көптің жүрегінен орын алды. Аталмыш хикая журналист өмірінің қызығы мен шыжығы туралы
Телехикаяның басты мақсаты көрерменнің журналистерге деген көзқарасын өзгерту. Экрандағы әдемі бейнеден бөлек, кадр сыртында қаншама еңбек, тер, күш жатқанын халыққа жеткізу.
Ендеше «Таңшолпан» сериалының кейіпкерлеріне кішкене мінездеме беріп кетейін.
Айна – «Таңшолпан» бағдарламасының продюсері. Өте талапшыл, жұмысқа келгенде қатал, тік мінезді. Ол ұжым арасында артық қарым-қатынас, жиын болғанын қаламайды. Сол принциптерін әріптестері кейде дұрыс түсінбей жатады. Бірақ Айна – өз жұмысын сүйетін маман. Бұл кейіпкерді сомдаған актриса – Гүлназ Жоланова. Бір қызығы бұл рөлдегі актрисаны түсірілім басталғаннан кейін бекіткен.
Жұлдыз – ол балалар үйінде өскен. Оның бала күнгі арманы телеарнадан көрініп, танымал болу. Ол танымал болуды қызық үшін емес,теледидардан көрінсем ата-анам мені тауып алады деген үмітпен армандады. Сериал басында теріс істермен айналысады. Сондай бір жұмыстармен жүріп, телерадиокомпанияға тап болады. Сол сәттен бастап өмірі түбегейлі өзгеріп, бала арманына жетуіне мүмкіндіктер ашылады. Алайда көп кедергі оны күтіп тұрған еді. Рөлді сомдаған актер – Аян Өтепберген.
Бұл сериалдағы ең басты кейіпкерлер. Жұмыстан бөлек олардың жеке өмірлері, бір біріне деген сезімдері хикая барысында баяндалады. Телехикаяның ең басты ерекшелігі де осы. Тек қана бір сала жөнінде немесе бір оқиғамен ғана шектеліп қоймай, кейіпкерлер арасындағы романтикалық сахнаны да көре аласыз.
Аталмыш туынданың идея авторы, сценарийін жазған – Жамал Жақсытай. Журналистика мамандығын тәмәмдаған сценарист бұл туындыны ерекше ықыласпен жазғаны анық. Оның айтуынша: « Таңшолпанды жазудағы мақсатымыз – көрерменге титр оқыту. Титр дегеніміз – фильм аяқталған соң көрсетілетін ұжымның аты-жөні. Киноның сәтті немесе сәтсіз шығуына актерлерді кінәламау керек. Басты рөлді кім ойнағанынан бөлек «Фильмнің режиссері кім?», «Сценарийін кім жазды?», «Актерлерді кім киіндірді?» сынды сауалдар да көрерменді қызықтырғанын қаладық.»- дейді ол Bugin.kz тілішісіне берген сұқбатында.
25-ақпаннан бастап көрерменге жол тартқан бұл туынды, күн сайын 21:30-да Қазақстан Ұлттық Арнасынан көрсетілді. Қаншама жүректерден орын алған телехикая бүгін өз мәресіне жетпек.
Сериалды көрмеген болсаңыз Қазақстан арнасының YouTube - інен тамашалап шығыңыз. Өкінбейсіз.
Тағы бір айта кететін жәйт, «Таңшолпан» телехикаясы журналист боламын деген жастардың жүрегіне үміт отын жақты. Әсіресе тележурналист болғысы келетін жандарға үлкен шабыт пен сенім сыйлады. Тек оған көп еңбек пен ықылас керек екенін сериал арқылы түсіндірді.
Идея авторына көп рақмет!