Өзге елдердегі жан түршігерлік салт-дәстүрлер

Естімеген елде көп. Бүгінгі таңда біз дамыған заманда өмір сүріп жатқанмен, осы уақытқа дейін бағзы замандардағы әдет-ғұрыптарды қолдайтын елдердің саны әлі де бар екен. Тіпті даму кезеңдерінен қалыс қалған елдер қатары, бүгінде жаңа технологияларға таңсық көзқараспен қарайды. Сонымен қатар, мұндай елдердің наным-түсініктері де адам шошырлық. Соның ішіндегі таңқаларлық дүниетанымы бар 3 елді сіздерге ұсынамыз.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңа Гвинея 

Бұл аралда Канингара тайпасы өмір сүреді. Олардың ең негізі дәстүрінің бірі – денені кескілеу. Ержеткен кез келген азамат өз денесін бамбук ағашының үшкір қалдықтарымен кескілейді. Бұл процестен кейін, адамның денесі дәл қолтырауынның терісіндей болады. Бұл тайпаның түсінігі бойынша, адамның қоршаған ортамен байланысын жақсартады. 

 

Үндістан

Бұл елде "сати" дәстүрі өте қатты дамыған. Салт бойынша егер әйелдің күйеуі қайтыс болса, ол да жарының артынан о дүниеге аттануы тиіс. Қазалы күнде жесір өзінің ең әдемі киімін киіп, мәйітті жеті рет айналады. Сосын, күйеуінің үстіне жатып, өртке оранады. 

 

Тибет

Бұл аумақтың жері құнарсыз болғандықтан ағаш сирек өседі. Жердің қаттылығына байланысты олар мәйітті көме алмайды. Сондықтан, бұл әдіс тек монахтар қайтыс болғанда ғана қолданылады. Ал күнделікті өмірде бақилық болған адамды туыстары 3 күн бойы отырғызып қояды. Сосын, тау бөктеріне апарып денесін бөлшектейді. Денені сол жерге қалдырып кеткеннен кейін, ол ит-құсқа жем болып, таусылады.