Bugin

Жириновский: Бүкіл ТМД-ны Ресейге қосу керек

Қазақстан - Ресейдің губерниясы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеңес одағының бұрынғы мемлекеттерінің бәрін Ресейге қосу керек. Осылай деді РФ Мемлекеттік дума депутаты Владимир "Говорит Москва" радиостанциясының тікелей эфирінде.

Оның айтуынша, бұрынғы 14 кеңес мемлекеті Ресейге губерния ретінде қосылып, қауіпсіздікті күшейтіп, экономиканы түгендеуге болады.

"Душанбе губерниясы, Бішкек губерниясы, Ереван губерниясы, Житомир губерниясы, Киев губерниясы деп ары қарай кете барады...", - деп санамалады Жириновский.

Ал Қырғызстан мен Тәжікстанды одақтас мемлекеттер ретінде құрамға қосып, Белоруссия сияқты тығыз қарым-қатынаста болу керек деп ұсынды.

"Сонда бүкіл ТМД бірігіп, мықты конфедерацияға айналады", - деді ол.

Айта кеткен жөн, Жириновский осыған дейін Қарабақ соғысында жеңілген Арменияға "Ресейге қосыл" деп ұсыныс айтқан еді. Оның ойынша, Армения Ресейге қосылса, Түркияға қарсы тұру оңай болмақ.