"10 наурызға дейін гүлге жақындауға болмайды": Желіде кезекті жалған ақпарат тарады

"10 наурызға дейін гүлге жақындауға болмайды": қазақстандық ер адамдардың қалжыңы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандықтар денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың 10 наурызға дейін гүлге жақындауға болмайтыны туралы айтқан видеосын таратып жатыр. Желіде тарап жатқан кадрларға сүйенсек, министр Алексей Цой коронавирустың гүлдер арқылы жұғатынын, сол себепті 10 наурызға дейін гүлдерге жақындауға, оларды сатып алуға және иіскеуге тыйым салынатынын айтқан. Басылымның жазуынша, ролик министр теледидарда сөз сөйлеген кезде түсіріліп, дауысы монтажбен қойылған.
Видеода COVID-19 жұқтырудың жаңа әдісі туралы айтқан дауыстың Алексей Цойдікі емесі анық естіледі. Осы ретте еліміздің денсаулық сақтау министрлігі хабарламаны жоққа шығарды. «Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Бұл видео жалған екенін мәлімдейміз» , — делінген ведомствоның хабарламасында .

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61