Денсаулық

Қолды сабындап жуу вирустан құтқара ма?

"Қолыңды сабындап жу". Карантин, короновирус таралу кезінде ең көп айтылған кеңес. Сонымен қол жуу не өзгертеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қол – ең көп бактериялар шоғырланатын жер. Адам ағзасындағы бактерияның көпшілігі шаш пен қолға бағытталған. Бұл жағдайда орта есеппен 840 000 түрлі микроорганизм қолда жасырылады. Олар тырнақтың астында, алақанның бүйір бөліктерінде және тері қатпарында болады. Қолдың таза терісінде микробтар 10 минут ішінде өледі.

Егер қол лас болса, микробтар 95% жағдайда өмір сүреді. Колорадо университетінің биохимик ғалымдары жақында ашылған жаңалыққа таңқалды. Әйелдердің қолында ерлерге қарағанда әлдеқайда көп микроб бар екені белгілі болды. Мұның көптеген себебі бар: әйелдер қолының төмен қышқылдығы; гормондар; косметиканы жиі қолдану.

Шетелдік ғалымдар сол және оң қолда мүлдем басқа микробтар өмір сүретінін анықтады.  

Алғашқы сабындау кезінде микробтар теріден жуылады. Екінші рет жуғанда, ашық тері тесіктеріндегі бактериялар кетеді.  

Күнделікті өмірде қарапайым кеңсе қызметкерінің қолы 10 миллион түрлі бактериямен байланысады. ДДСҰ бойынша қолыңызды кем дегенде 20 секунд жуу ұсынылады.