Bugin
АҚШ-тың Атланта қаласында 35 жастағы әйел жігітімен айырылысқаннан кейін өзіне-өзі тұрмысқа шықты
Мег Тейлор Мориссон 2020 жылы өткен Хэллоуин қарсаңында тұрмысқа шығуды армандаған. Алайда маусым айында сүйіктісімен айырылысып, жоспарының орындалмасын түсінген. Сол кезде Моррисон той жасау үшін өзіне екінші жарты керек емес деген шешімге келген. Америкалықтың сөзінше, осылайша ол өзін қаншалықты жақсы көретінін көрсетпек болыпты. Салтанатты кешке Моррисонның ең жақын достары мен туыстары жиналған. Рәсім кезінде өзі жазған антты оқып, айнадағы бейнесін сүйген Ол осы арқылы жақсы тәжірибе жинақтағанын, өзінің денсаулығы мен бақытын бірінші орынға қоюды түсінгенін айтқан