Әлеумет

Telegram мессенджерінде қазақ тілінде қандай мәліметті алуға болады?

Бұл мессенджер басқа бақталастарынан кейінірек пайда болғанымен, оның контентін тұтынушылар саны – жарты милллиард

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұнда да танымдық, көңіл көтеретін, жаңалық/өсек тарататын, ресми/оппозициялық мазмұндағы неше түрлі арна бар. Қазақ тілінде электронды кітаптарды оқуға, аудиокітаптарды тыңдауға, кино көруге, музыка тыңдауға, неше түрлі білім беретін дәрістерді тыңдап, көріп, оқуға болады.

Жаңа технологиялардан хабардар болып жүргіңіз келсе, мысалы, «Тимурдан инфо» (https://t.me/timurdaninfo/1) арнасы бар, жаңалық айтатын арна көп, тізіп отыруға көп уақыт кетеді.  

Қазақша әндер керек пе — ондай арналар да бар, анекдот керек болса, «Езу тартар» (https://t.me/ezutartar/1) арнасы бар, қазақша сауатты сөйлеп-жазуды университтен кем үйретпейтін "Калькасыз қазақ тілі" (https://t.me/KalkaStop/2)  арнасы бар. Осы bugin.kz платформасы да өз арнасын ашқан.

Сөздіктер бар (ағылшынша-қазақша сөздік, жаңа сөздік, сөздікқор). Тіл үйренемін дегендерге септігі тиері анық. Жеке блогтар да жетіп жатыр. 

Бұл бір сағатқа жетер-жетпес аралықта Teлegram-нан ақтарып тапқаным. Бұл қазақ тіліндегі контент теңізінің бір тамшысы ғана, оның үстіне Телеграмда қазақ тіліндегі арналар көбейе береді.