Bugin
Қазір экономика әлсіз Ресейдің
АҚШ-тың Ресейдің мемлекеттік қарызына санкция салуы рубльдің құлдырауына әкелуі мүмкін. Бұл жайлы Bloomberg жазады.
Бұған дейін аталмыш басылым АҚШ президенті Джо Байден бастаған әкімшілік Ресейдің адам құқығын таптап, химиялық қару қолданғаны үшін экономикалық санкция салатынын хабарлаған.
Кейін белгілі болғандай, АҚШ үкіметі Еуропамен бірігіп, Ресейдің мемлекеттік қарызын қаржыландырудан бас тартпақ. Бұл Америка инвесторларының Ресей шығарған құнды қағаздарды сатып алуға шектеу қоймақ.
Америка мұндай қадамға өзінің экономикасына зияны тимейтін сәтте енгізбек. Яғни, 2018 жылы АҚШ Қаржы министрлі Ресейдің мемлекеттік қарызына санкция салуға қарсы шыққан. Өйткені әлемдік экономикаға зияны тиюі мүмкін деген болжам айтылды.
Ал қазір Ресей экономикасы әлсіреген сәтте санкция енгізуге "қолайлы" кез болса керек.