Саясат

Қытай қазақ жеріне тағы да көз тікті

Қытай Қазақстанның инвесторына айналды. Алдағы 2 жылда Қазақстанға инвестиция құйып 56 зауыт салмақшы. Осындай жаңалыққа халықтын көзқарасы қандай екен?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан мен Қытай арасында инвестициялық байланыс нығаюда. Қытай Қазақстанға соңғы 15 жылда құймаған инвестицияны, алдағы 2 жылда құймақшы. Бұл туралы ҚР сауда вице министрі Қайрат Төребаев пен Қытай коммерция вице-министрі Ван Шоувенмен кездесуде айтылған болатын. Қайрат Төребаевтын айтуы бойынша, Қытай алдағы 2 жылда Қазақ еліне 25 млрд доллар көлемінде ақша жұмсамақ.

«Қытайға тікелей инвестицияның жылыстауы (отток) $ 667,2 миллион доллар болды. Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында 24,5 миллиард долларға 56 кәсіпорын салу жоспарланып отыр. Нысандардың құрылысы 2023 жылға қарай аяқталады», - деді ол.
Алайда бұл жаңалықты естіген желі оқырмандары бұндай инвестицияға қарсы сияқты. Кей адамдар қазақтын жері Қытайға кетіп жатыр десе, енді бірің жұмыс жағдайы уайымдатып отыр. Жалақысы жақсы жұмыс Қытай азаматтарына беріліп, қазақ халқына қалған-құтқаны тиеді деген халықтын жан айқайы да бар. 

"Енді жетпегені осы еді", "Елімізде өзімізге тиесілі бір зауытта жоқ, ал Қытай келіп бірден 56 зауыт салмақшы",  "Ол зауыттарда кейін кімдер істейді, қазақтар ма, қытайлар ма?", "Біз қарсымыз", "Жер сатылмайды, жалға да берілмейді деген сөздері қайда" деп пікір қалдыруда.

Енді алда не болады, Қазақстан қандай өзгерістерге ұшырайды, оны тек уақыт көрсетеді. Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.