Bugin
Кей адамдар фильмдерден гөрі мультфильм көргенді ұнатады, құп көреді. Егер сіз де дәл сондай болсаңыз, мархабат
"Турбо"
Жылдамдықты армандайтын Тео есімді кішкентай ұлудың оқиғасы. Оның қалауы жарыс алаңына шығып,шапшаң көліктерді басып озу болатын.Ағасы бұл ойын құптамағандықтан әр кезде "ессіздің әрекеті", деп санайтын. Күндердің-күнінде екеуі осы мәселеге байланысты жанжалдасып қалады.Бақшадан көңілсіз шыққан Тео,көліктердің жарыс алаңына тап болады. Қалай ойлайсыз бұл оқиғадан кейін оның өмірінде өзгерістер бола ма? Адам сенгісіз арманы орындалады ма? Соңына дейін көріп,ерекше мотивация алыңыз.
"Жан"
Джо Гарднер есімді мектеп ұстазының,арманы үлкен сахнада өнер көрсету болады.Ол әркез музыкалық аспаптарды қолына алған сайын, бойын ерекше сезім билейтін.Күндердің-күнінде ол жақын досының көмегі бойынша, атақты әншінің тобында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.Әнші оның талабын байқап,кешкі концертке шақырады.Арманына қол созым қалғанда Джо көше ортасындағы құдыққа құлап, жаны о дүниеге тап болды. Оның ендігі әрекеті қандай болмақ? Сіздің ойыңызша ол өз мақасатына жетеді ме?Толығырақ білу үшін мультфильмді соңына дейін көріп шығыңыз.
"Рататуй"
Бұл туындыда Реми есімді тышқанның бастан кешкендері туралы көрсетіледі.Оның басты арманы аспазшы болу. Әрине,оның бұл ойына сол сәтте ешкім қолдау көрсетпеді! Алайда,ол өз арманынан бас тартпады.Реми журнал бетінен көрген атақты Гюсто есімді аспазшының мейрамханасына жол тартады. Ішке кіре салысымен мейрамхана жұмысшысы тамаққа қате дәмдеуіш қосып жатқанын көрген ол,бұл істі түземекші болады.Бірақ,оны қатыгез асхана басшысы көріп қояды.Қалай ойлайсыз,ол бұл тұзақтан қашып шыға алды ма? Әлде, Ремидің арманы аяқсыз қалады ма?
Арман - шынайы мақсаттың бастауы. Оның орындалуы үшін күш-жігер мен қолдау керек. Алға қойған мақсатыңыздың іске асуы үшін не істеу керек? Дәл осы тұрғыдан сөз қозғап, жігеріңізді арттыратын мотивациялық мультфильмдердің тізімін сіздерге ұсынбақпыз.