Спорт

Тыйым салынған соққы үшін Петр Яннан белдігін тартып алды

Рессейлік файтер, UFC промоушынындағы рейтингісі жоғары, жеңіл салмақтағы чемпион Петр Ян алғашқы чемпиондық титулын қорғай алмады. Қарсыласын канваста жатқан жерінен тіземен соққы жасап, дисквалификацияға ұшырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

7 наурыз Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC 259 турнирі өтті. Бұл турнирде Петр Ян америкалық Алджамейн Стерлингпен кездесті. Бірінші раунд бірден жойқын, жылдам соққылармен басталып кетті. Алғашқы раундтта Алджемейн Стерлинг басым болды, алайда Петр Янда қарсыласын құлатып үлгерді.

Ал екінші раундта қарсыласы Петр Янды жығуға әрекет жасады, алайда құлатқанынан, құлағаны басым болды. Петр Ян бірнеше жойқын соққы тастады, дегенмен қарсыласы да шетте қалып қалмады.

3 раундты толықтай Петр Ян алды. Құлатып та үлгерді, ауыр соққыларын да бағыттады. Ал Стерлинг өзінің жоспарын іске асыра алмады.

Ал енді ең қорқынышты жағдай 4 раундта орын алды. Ян басымдығын жалғастыра берді. Бәрі ойдағыдай болған, алайда конваста жатқан қарсыласының басына бағытталған тіземен жасалған соққы, жағдайды мүлде өзертіп жіберді. Стерлинг бұл соққыдан кейін раундтты жалғастыру тұрмақ, орнынан да тұруы қиын болды. Төрешілердің шешімі бойынша, Чемпионға дисквалификация беріп, белбеуін қарсыласы иемденді.

Жекпе-жектен кейін Петр Ян тыйым салынған соққы үшін қарсыласынан кешірім сұрайтынын айтты.
«Мен кешірім сұраймын және Стерлингке тезірек сауығып кетуін тілеймін. Мен тыйым салынған соққыны жасағым келмеді, мен жай ғана үлкен қателік жіберіп, ақысын төледім», - деп жазды Ян өзінің Twitter-дегі аккаунтында.

Стерлинг өз кезегінде Яннан соққы күтпегенін атап өтті.  «Мен тіземен соққы әдейі жасағандай сезіндім. Әсіресе, судья менің құлаған қарсылас екенімді жариялағаннан кейін мен соққыға жығыламын деп ойлаған жоқпын. Біз оны тағы жасаймыз», - деп жазды Twitter-де 31 жастағы америкалық.