Спорт

UFC чемпионы алғашқы жеңіліске тап болды

20-0 болып бірде-бір жеңіліссіз келген Исраэль Адесанья енді жеңілістің дәмін сезді. Нигериялық спортшы тағы бір белбеуді алып, UFC тарихындағы ең ұлы спортшының бірі болуға сенімді еді, алайда оның жоспары іске аспады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жекпе-жек толық 5 раунд болды. Бірде-бір жеңіліс таппаған Адесанья бұл жолы жеңілістін дәмі сезді.
Поляк спортшысы, төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, белбеуін қорғап қалды.

Алғашқы 3 раунд тұрақты күйде өтті. Адесанья қарсыласына қарағанда жылдам болды. Өзіне аса қатты жақындата қоймады, дегенмен поляк спортшысы жойқын әрі ауыр соққылар жасай алды.

Үшінші раундтан кейін Ян басымдылық таныта бастады. Екі рет клинчта ұстап, тіпті партерға құлатып, раундтың соңына дейін Адесаньяның шығып кетуіне әрекет бермеді. 

Бесінші раундтың соңғы 10 секундында Блахович Адесаньяға ауыр соққыларын бірінен соң бірін жаудырды. Блаховичты тек раунд біткендегі дабыл тоқтатты. Осылайша Адесанья алғашқы жеңіліске тап болды.

«Мен оны аударатынымды білдім, өйткені мен үлкенірек және мықтымын.  Мен тек қолайлы сәтті күттім.  Маған көбірек соққы жасап, сол қомен жұмыс істеп, қысым көрсету керек еді.  Менің ойымша, келесі қарсыласым Гловер Тейшейра болады.  Енді мен отбасыма уақыт бөлгім келеді.  Егер Гловер күтуге дайын болса, мен дайынмын», - деді Блахович Джо Роганға берген сұхбатында.

Шайқас алдында Адесянья Блаховичтің «поляк қуаты» оған маңызды емес деді.  «Мен бұған дейін Бразилия, Куба, Австралия және Америка күшін көрдім.  Әркімнің күші бар, бірақ бәрі бірдей», - деді Израиль Combat TV-ге.  Ақыр соңында, поляк күрескерге сабақ берді. Ең бастысы енді оның Джонспен болатын жекпе-жегіне сену екіталай.