Bugin event
Әйел – отбасының тірегі
8 наурыз көктемнің алғашқы мерекесі. Әрбір әйел заты үшін ерекше мереке.
Себебі бұл мереке - аяулы қарындасымызды, ардақты ана, қадірлі әже, қамқоршы әпке, ұлағатты ұстаз, жан досымызды құттықтайтын күн.
Құрметті әйелдер қауымы! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт пен ізгі тілектер тілеймін. Әрқашан да арамызда гүлдей құлпырып жүре беріңіздер. Алға қойған мақсаттарыңызға жетіп,барша армандарыңыз орындалсын.
Әйел – отбасының тірегі. Отағасы – отбасының басы болса, әйел – оның мойны.
Әйел ер жігітті төрге де, көрге де сүйрейтін құдіретке ие. Әйел – ақылшы. Әйел – барша жақсылық атаулының көзі. Себебі әйел саналы ұрпақ тәрбиелейді, отбасының шаңырағын ұстап тұрады. Әйелдің осындай қоғамда алар орнын қарай отырып, осы бір мерекенің қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Құрметті әйелдер қауымы!Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да шын жүректен құттықтаймын!