Экономика

Әлемдегі ең бай адам кім?

2021 жылдың 7 қаңтар күнгі Forbes тізіміне сүйенетін болсақ, 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі миллиардерлер көшін бастап тұрған Джефф Безостің алдын Илон Маск орап кеткен еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі кезде Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безостің қор жинағы 193 млрд.$ болса, Илон Масктің қор жинағы 203 млрд.$ болып есептеледі.

49 жасар атақты инженер, кәсіпкерді танымайтын адам жоқ шығар, сірә?! Ол өзінің Paypal сервисі, Tesla электромобильді көлігі мен Spacex жобасының арқасында осындай байлық пен дәрежеге қол жеткізген еді.

Илон Масктің кірісінің көбеюі Tesla кәсіпорының акцияларының өсуіне байланысты. Жылдың алғашқы ширегі енді басталғанының өзінде-ақ Tesla кәсіпорының арқасында 525 млрд. $ табыс тапқан.

Бүгінгі таңда Tesla кәсіпорының 1 акциясы 286745,64 тг. құрайды. Бұл кәсіпорынның тарихындағы ең биік көрсеткіші. Сонымен қатар, 2020жылдың 21 желтоқсан күні кәсіпорынның  акциясы S&P500 индексіне енген еді.