Саясат

Саясаткер өмірден өтті

Француз миллиардер саясаткері ұшақ апатынан қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Француз депутаты Оливье Дассо Францияның солтүстігінде тікұшақ апатынан қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ұшақ жексенбі күні Нормандиядағы Тук коммунасының ауданында құлады. Апат салдарынан “Республика” партиясының өкілімен қоса, ұшқыш та қайтыс болды.

Саясаткердің өліміне Франция президенті Эммануэль Макрон Twitter-де көңіл айтты.

"Оливье Дассо Францияны жақсы көрді. Ірі кәсіпкер, депутат, әскери-әуе күштерінің қолбасшысы: өмір бойы біздің елге қызмет етуді тоқтатқан жоқ", - деп жазды Макрон.

Дассо 69 жасында қайтыс болды. 

Еске сала кетсек, оның әкесі Серж Дассо әйгілі кәсіпкер, саясаткер және миллиардер болған.