Bugin
Халықаралық әйелдер күнінде Алматы қаласында феминисттердің митингі өтті
Алматыда Ганди атындағы саябақта "Әр әйел-менің жалғызым" атты әйелдер құқығын талап ететін шеру басталды. Бұл митингке кемінде 300-ден аса адам келген.
Шеруге қатысушыларының басты мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру, әйелдердің құқығын қорғау, қоғамда әйелдерге тең құқылы дәреже беруін және белсенділерді бостандыққа шығаруын талап ету. Шеруге жас бойжеткен қыздардан бастап, егде жастағы аналарымызға дейін қатысқан. Тіпті, арасында ер адамдардың да жүргені байқалады.
"Біздің бұл жерге жиналуымыздың себебі- жазықсыз түрмеде отырған белсенді қыздарымыздың бостандыққа шығуын талап ету. Расында, еліміздің демократиялық болғанын қалаймыз. Бізде заң жоқ, реттілік жоқ", - дейді шеруге қатысушы Қанатхан Әмренов.
Сол секілді қолдарына плакат алып, мемлекеттің әйел құқығын қолға алуын талап етуін көздеп, алаңға шыққан арулардың мақсаты орындалар деген үмітте.