Bugin
72-орында
Осы жылы Алматы әкімшілігі феминистерге әйелдер құқығын қорғауға арналған шеру мен митинг өткізуге рұқсат берді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шеруге бес ұйым - Feminita, KazFem, Femsreda, SVET PF және FemAgora бастамашылық етті.
"Мұндай ірі санкцияланған шара биыл бірінші рет өткізіліп отыр. Әрине, адамдар мұндай шараларға әлі де үйрене алмай жүр. 500-ден астам қатысушы болады деп ойлаймыз. Біз әйелдер мерекесіне шеруге шығып, өз құқықтарын талап ету туралы мерекенің бастапқы мағынасына оралуымыз керек", - дейді қазақстандық феминистік бастаманың негізін қалаушы Жанар Секербаева.
Ол елде гендерлік теңсіздікті көрсететін бірқатар заң бұзушылықтар бар екенін атап өтті. KazFem белсендісі Вероника Фонова мәселенің қылмыстық жағы да барын айтады.
"Қазақстандағы әйелдер үшін зорлық-зомбылықтан қорғану өте қиын. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты, егер ер азамат ұрып-соқса оған тек ескерту ғана айтылады. Ал әйел жарақат алса, ер адамға тек қана белгілі бір мөлшерде айыппұл төлетеді. 10 жыл ішінде он тоғыз ғана сот ісі ашылды", - дейді ол.
Оның үстіне, әйелдер зорлық-зомбылыққа тап болса, оларды өзі кінәлі деп айыптаулар басталады: ол өзін жақсы ұстамады, қысқа юбка киді, арандатты. Белсенді феминист атап өткендей, "зорлық-зомбылық үшін әрдайым зорлаушы кінәлі".
Феминистердің айтуы бойынша, Қазақстанда әйелдердің құқығы қорғалмайды.
"Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік алшақтық индексі бойынша әлемде 72-орында. Феминистер әйелдер проблемалары туралы сөйлесуді жалғастыруда, бірақ әзірге айтарлықтай алға басушылық болған жоқ", - дейді олар.