Қоғам
Әйел теңдігі
Бүгін, 8 наурыз күні, Алматы қаласында әйелдер маршы өтті. Ұйымдастырушылар бұл еліміздегі алғашқы ресми феминисттік марш деп атады. Бұл жайлы Tengrinews.kz хабарлады.
"Бүгінгі марш Алматы әкімдігімен келісілгенін және соның қолдауымен өтіп жатқанын еске саламын. Біз мұнда заңды түрде шықтық" деді белсенділердің бірі. Белсенділер проблемалары мен құқығы үшін күресу туралы сөз қозғады.
"Қазақстанда әйелдер ғана бала қарауда, ақысыз көп жұмыс істейді", "Қазақстанда әйелдер еліміздің барлық тұрғыны секілді құқылы болуы керек" дейді марш белсенділері.
Қатысушылар "Әр әйел - маңызды", "Бәріміз бір отбасымыз", "Ешкімге ештеңе міндетті емеспін!" деп ұрандатты.
Әйелдер маршын Feminita, "КазФем", "Фемсреда", ОФ "SVET" және FemAgora сынды ұйымдар ұйымдастырған.