Bugin
60 жастағы Дон Хабшер қалай жас болып көрінуге болатынын, сұлулығының сырын ашты
Флорида мен Нью-Йоркте тұратын 60 жастағы Дон Хабшер (Dawn Hubsher) мен 30 жастағы Шер Хабшерді (Cher Hubsher) жиі шатастырады. Шынымен де анасы мен қызы егіздей көрінеді.
Бір көрген адамға ажырату қиынға соғуы мүмкін. Анасы мен қызы өздерінің ұқсастығын мақтан тұтады және үнемі бірдей киінуге тырысады. Олар тіпті ортақ 75 000 оқырманы бар Instagram парақша ашқан. Және осы ұқсастығының арқасында журналдарға, сұқбатқа жиі шақырылады. Олар үшін бұл табыс көзіне айналған. Ал анасы Доун өзінің бүгінгі таңға дейін жас әрі тартымды болып көрінуі тікелей қызымен байланысты екенін айтады.
"Қызым маған сән әлеміндегі жаңалықтарды біліп отыруға көмектеседі. Біздің киіміміздің өлшемі де бірдей. Сол себепті киім ауыстырып кигенді ұнатамыз",-дейді анасы. Дон оның жастығының кілті спорт, вегетариандық диета, теріні дұрыс күту, ұйқы және су ішу дейді. Айтуынша, жаттығулар оның жас көрінуінің бірден бір себепшісі екен."Адамның жасы - бұл тек сандар көрсеткіші. Ең бастысы - өзіңді жақсы сезініп, позитивті болу", - дейді ол. Қызы Шер анасы сияқты болашақта әдемі қартайғысы келеді. Бұл тек қызының арманы емес, бүкіл әйел адамының арманы дер едім.