Саясат
6 мың қырғыз қыз қытайға тұрмысқа шыққан
Қырғыз елінің саясеткері және қоғам қайраткері Адахан Мадумаров «АКМ Press Ачык Калыс Маалмат» бағдарламасында берген сұқбатында қырғыз еліне қарата синофобия бойынша мәселе көтерді.
Қырғыз елінің президенттігіне үміткер болған Адахан мырзаның келтірген статистикасы бойынша 6 мың қырғыз қыз қытай жігітіне тұрмысқа шыққан.
«Құлағыңа күміс сырға» деп сөз бастаған саясаткер, бүгінде 8 мыңнан астам қырғыз ұлтының ресейге кетіп, азаматтық алып, елге оралмайтындарын тілге тиек етті.
Бұл мемлекетте ештеңеге қол жеткізе алмайсың деген сананы қалыптастырған ұрпақтың қырғыз еліне қайтып келмейтіні туралы айта келіп, елдегі жоғары білімі бар балаларының жұмысқа тұра алмайтыны, ал 9 жердегі 3-тің қанша болатынын білмейтін адамдардың жұмысқа тұратынын, мұның соңы осы елдің күйреуіне алып келетінін сөз етті.
Қоғам қайреткерінің алаңдайтын мәселесі біздің елдегі көтеріліп жатқан дүниемен ортақ. Сөз арасында «Қытайдан досың болсаң, жаныңда айбалтаң болсын» деп ата-бабаларының айтып кеткенін сөз етеді. Сонымен қатар елдегі көшелерде және асханаларда қытай жазуларының қаптап кеткенін ашық айтып отыр.
Қазақстандағы жағдай
Қырғыз ағайынның алаңдап отырған мәселесіне қазақ елі де бей-жай қарамайды. Себебі соңғы кездері елдегі қазақ қыздарының да қытай ұлтына тұрмысқа шығуы күрт өсіп кеткен еді.
Түрлі сайттарға сұқбат берген қазақ қыздарының ортақ жауабы: «қазақ жігіттерінің әлсіздігі мен махаббатқа берік бола алмауы».
Қыз – ұлттың айнасы. Бұл бүгінгі сөз емес, атадан келе жатқан көреген халықтың айтқаны. Бүгінгі қыздың ертең ана екенін айту жауыр болғанымен, оның салмағы әлі санаға жеткен жоқ. Себебі ол өсіретін ұрпақ сол елдің туын көтереді. Ал ту көтеретін ұрпақтың әкесі өзге ұлт болса, бұл үлкен қауіп.
Қазақстанда жақында «Үміт» қытай мектебінің ашылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Әрі ақпарат ешқандай жалған емес. Сонымен қатар, еліміздегі мұнайлы аймақтар мен құрылыс жүріп жатқан жерлердегі қытай туларының асқақтап тұруы да халықтың шамына тиіп біткен.
Алматы қаласының өзінде бірнеше қытай мейрамханалары, қонақ үйлері мен түрлі орталықтары бар. Тимирязев көшесімен келіп, Шашкин көшесіне көтерілсеңіз, майда емес, алып қытай жазуымен жазылған мейрамханаға көзіңіз түседі. Қытайдың негізгі түсі – қызыл. Өздерін аузынан от шашатын, қызы айдаһарға теңейтін қытайдың «Ұлы держава» құру жобасы біз бен сізге білінбей жүріп жатқаны айдан анық.
Естеріңізге салайық, Айжан Райымбекова қытай жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қыздарының бірі. Оның айтуынша, біраз уақыт қытай жігіттің "подругасы" болып жүріп, кейін сүйікті жарына айналған. Қазір екеуінің екі ұлы бар. Төлқұжаттарында ұлты "қазақ" деп жазылған. Бұл ақылды Айжанға күйеуі айтқанын алға тарта келіп: "Мұндай ақылды күйеуім айтты. Балаларымыз қытай, орыс, ағылшын тіліндерінде сөйлейді. Қазақ тілін аздап біледі",-деп сөзі аяқтайды.
Төлқұжаттағы ұлттың маңыздылығынан гөрі, сол ұрпақтың өзі ұлт болып қалыптасуы үшін жасалатын алғышарттар жасалмаса пайда не?!
Адахан Мадмурадов көтеріп отырған мәселе біздің елде де көтерілді. Қазақ елі мен қырғыз елінің ортақ мәселесіне айналып келе жатқан, қыздардың қытай жігіттеріне тұрмысқа шығу синдромы жаппай жүріп жатқанын аңғару керек. Махаббат мәселесі сезіммен жауап беруден келеді. Алайда махаббат майданға айналса, оның ішінде саясат пен идеологиялық астары бар үлкен мәселе қатар жүретінен ескерген жөн.