Bugin

АҚШ: Ресей мен Қытайға кибершабуыл ұйымдастырамыз

Екеуіне экономикалық санкция салмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ үкіметі Ресейдің америка мемлекеттік мекемелеріне кибершабуыл жасағаны үшін есе қайтармақ. Сол үшін бірнеше кибератака сериясын дайындап жатыр. Бұл жайлы The New York Times хабарлады.

Америка шенеуніктерінің айтуынша, кибершабуал "президент Владимир Путин мен ресей барлау қызметіне" қарсы жасалмақ әрі үш аптаға созылады деп жоспарлануда. Кибершабуылдың әсері сыртқы әлемге байқалмауы мүмкін, алайда одан кейін жасалатын экономикалық санкция біршама қиындық әкелуі мүмкін.

АҚШ үкіметі Ресеймен бірге Қытайды да халықаралық кибершабуыл жасауы мүмкін деп күдіктеніп отыр. Америка барлау қызметінің мәліметінше, қытай хакерлері дүниежүзінің он мыңнан аса ұйымының жеке деректерін ұрлап қолда ұстап отыр.

Президен Джо Байден Ресей хакерлерінің сазайын беретінін осыған дейін де айтқан.

"Әзірше бізге келген зиянның көлемін тексеріп жатырмыз. Белгілі болған соң, Ресейге де дәл сондай зиян шектіреміз", - деген еді Байден 2020 жылы желтоқсанда.

Америка барлау қызметінің дерегінше, ресей хакерлер АҚШ-тың Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік департаменттің ақпараттық базасын бұзып кіріп, Барак Обама кезінде Ақ үйдің деректерін ұрлаған.

Ал қытай хакерлері болса дәл осы кезде Microsoft сервисінің поштасын бұзбақ болған. Сол үшін АҚШ енді Қытайға санкция енгізбек.