Bugin

Kaspi.kz басшысы холдингтегі үлесін арттырды

Екі басшының арасындағы келісім 2021 жылы 5 наурызда жасалған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Kaspi.kz холдингісінің басшысы Михаил Ломтадзе өзі басқарып отырған банктің $50 млн тұратын 820 мыңға жуық акциясын сатып алды.

Ал оны сатқан – банктің тағы бір ірі акционері Вячеслав Ким. Ол $40 млн тұратын 660 мыңнан аса акциясынан айырылды. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Курсив басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Лондон қор биржасының деректеріне сүйенсек, екі басшының арасындағы келісім 2021 жылы 5 наурызда жасалған.

Ломтадзенің байлығы өсіп, холдингтегі үлесі 22,03 пайыздан 22,44 пайызға дейін көтерілді. Ал Кимнің үлесі азайып, 23,58 пайыздан 23,24 пайызға азайды.

Айта кеткен жөн, Kaspi.kz холдингі – Лондон қор биржасында IPO-сы сатылып жатқан қазақстандық жалғыз банк. 2020 жылы 20 қазанда 25,7 млн акциясын  $870 млн сатқан еді.

Банк қосымша қызметтерін қосқан кезде, акциясы сатып алушылардың саны көбейіп, 30 миллионға дейінгі акциясын сатты. Ал оның құны $1 млрд.-қа жетті.