Қоғам

Инстаграм желісі адамды өмірден айыра жаздады

Супермамасита лақап атымен танылған Алия Байтугаева 5 миллиондық парақшасынан айырылып қалды. Бұл жағдайдан кейін денсаулығы нашарлап, өзін өліп кететіндей сезінді. Толығырақ төменде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Instagram желісінде Супермамасита лақап атымен танылған Алия Байтугаеваның 5 миллиондық парақшасы әлеуметтік желі шарттарын бұзғаны үшін бұғатталды. Бұл жағдай блогерге қатты әсер еткен болуы керек, әлеуметтік желіде бар қиындығын айтып, тіпті көз жасына да ерік берді. Бұл жайында Stan.kz хабарлайды.

Балалар контентін, сториске салғаны үшін желі администраторлары блогер парақшасын зорлық-зомбылықты, қылмыстық іс-әрекеттерді насихаттау құралы деп санапты.
"Бұл өте әділетсіз. Instagram әртүрлі контентті, соның ішінде сексуалдық сипаттағы фото, видеоларды өшірмейді. Алайда сен түсірген балаларға қатысты видео, әзіл видеоларды салсаң, өшіреді, бұғаттайды. Бұл бірінші рет орын алып тұрған жағдай емес. Енді оны қашан ашатынын да білмеймін. Себебі соңғы рет аккаунтымды бұғаттағанда, ол ұзақ уақыттан соң ашылған".

Дегенмен арада бірнеше уақыт өтіп, Алия Байтугаева енді парақшасын қайтарып алмайтынын біліп, өзін нашар, жайсыз сезіне бастады.

"Күні бойы үйде төсекте жаттым, тұра алмадым. Өзімді өте нашар сезініп жатырмын. Қатты стресстен үрей мен шабуылға тап болдым. Мұның не екенін осы уақытқа дейін білмеген екем. Мұндай кезде адам өзінің жүрегінің дүрсілін құлағында естиді. Тынысың таралып, қазір өліп қалатындай сезім пайда болады. Тынысым тарылып, жедел жәрдем шақырттым. Сенесіздер ме, мені төсекке жатқыза алмай қойды. Тап қазір өліп кететіндей сезімді бастан өткердім. Жедел жәрдем қызметкерлері мені мәжбүрлеп жатқызды", - дейді ол жаңалықты естіген алғашқы күндерде.
 
Алия бұл жағдайдын өзіне ауыр тигенін, қиналғанын, көзіне жас алып оқырмандарына жеткізді.
"Аккаунтымды қайтарып бермейтін болды. Осыған 5 жыл уақытымды сарп еттім. Маған парақшамды қайтарым бермейді, мұны қабылдай алар емеспін. Бұған сенбей тұрмын", - дейді ол.
Әрине, жұмысы әрі хоббиі болған нәрседен лезде айырылып қалу өте қиын. Алайда, бұл жағдай Алияның денсаулығына да ауыр тиіп жатыр екен.

Блогердің айтуы бойынша ол өзін тіпті өліп кететіндей сезініпті. Психикасы мен денсаулығына да қатты әсер етіп жатқанын жеткізді.

"Қазір болып жатқан жағдай маған, денсаулығыма, психикама қатты әсер етіп жатыр. Күнде аккаунтыңның дамуы үшін жұмыс істеп жүру дегеннің не екенін түсінбейтін шығарсыздар. Бір күнде 35-40 сторис түсіріп, аудиторияға қызық болу үшін бәрін істейсің. Фото түсіріп, дайындаласың. Бұл жерде ақша туралы айтып тұрған жоқпын. Қанша қаражат жұмсалғанын айтуға да қорқамын. Ақшаны қойшы, бұл менің жеке блогым еді. Бұған жанымды салдым. Блогымды көп адам оқитын, олар маған энергия беретін. Ал қаржылық жағдайға келсек, бәрі жаман емес. Мәселе менің блогымда. Қанша шығармашылық, күш қуатымды арнадым, өзегім содан өртенеді. Адамдармен қарым-қатынас жасау маған ұнайтын. Оларға пайдалы ақпаратпен бөлісу ләззат әкелетін. Ал қазір басқалардың басу айтқаны маған әсер етпейді. Себебі бұл жай ғана блог емес", - дейді ол видеосында.