Білім және ғылым

Тіл – менің болашағым

Білім – өмір бұлағы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
«Білімнің ғасыры жоқ» демекші, технологияр дамыған заманда, өз Ана тіліңнен бөлек өзге де тілдерді білу өте қажетті құрал болып табылады. Жаплы біздің, яғни қазақтардың, әсіресе аудан, ауылда мекен ететін жастардың ең үлкен мәселесі, қасіреті десек те болады – ол тіл!

Жалпы Егемендігімізді алғалы бері, Ана тілімізді, қазақ тілін білмейтін қала балаларына дәріптейміз деп, ауылдың балаларының тіл мәселесі бойынша дамуын тоқтатып қойғандаймыз. Қала баласы ретінде, бұл ауыл жастарының болашағына деген қастандық деп білемін. Өйткені, ауыл болсын, қала болсын, барлық баланың құқығы бір! Болашағы бір! Яғни, әрбір жеткеншек балабақша кезінен  тілді бірдей меңгерген болса, ауыл жастарының НЗМ, болсын, ЖОО болсын еш қымсынбай өз білімінің деңгейін дәлелдеп оқуға түсуіне әбден болар еді.

Менің мамандығым бойынша, күн сайын ауыл жастарының еліміздегі бірінші қатарда тұрған НЗМ оқуға түсуге қорқатынын, білім деңгейі өз қатарластарынан жоғары екенін біліп тұрса да, орыс немесе ағылшын тілдерін жетік меңгермегендігінен батылы бармай, өз-өздеріне сенімсіздік білдіретінін көріп жүрмін. Ішім қынжылады. Бұнымен мен ауыл мұғалімдерінің білім беру дәрежесі нашар дегім келмейді, мүмкін бұл білім жүйесінің реформаланбағанының әсері болар. Әйтпесе, қала балаларының әліппесі «А» - дан, ауылдағылардыңкі «Б» - дан басталмайды ғой. Алатын және берілетін ақпарат бір. Тіпті білуімше барлық мұғалім жыл сайын қосымша оқытудан тағы өтеді. Алайда, қала мен ауыл балаларының тіл білімі бойынша үлкен шұңқырдың бары анық. Өзім қалада оқысам да, ағылшын тілін мүлдем түсінбеген адаммын. Иә, орыс, қазақ, ағылшын тілінің өз ережесі бар, бірақ, мектеп оқушысы оның мағынасын тек үлкен сыныптарға келгенде түсіне бастайды ғой. Неге осы тілдердің оқыту форматын өзгертпеске? Неге тіл үйренем деген бала қосымша ақша төлеп сол тілді үйренуі қажет? Неге мектепте игере алмаған тілді, бала үш айлық каникулда ауладағы балалардан үйреніп ала алады?

 
 Бұл тек ауыл жастарын қамтитын тақырып емес немесе орыс пен ағылшын тілінің проблемасы емес. Бұл тақырып қазақ тілінен бастау алып, өзге де әлемдік тілдерді қамтып жатыр. Өйткені бір миға тек бір ғана тіл емес, ондаған тілдер сияды ғой. Жоғарыда айтылған сөздеріме Шоқан Уалиханов, Ахмет Байтұрсынов, Алихан Бөкейханов, Абай Құнанбаев және т.б. қазақ даласының Ұлы ғұламалары дәлел бола алады. Осы мәселеге біздің Білім және Ғылым минисстрілігі өз назарын бұрса екен. Болашақ ұрпағымыз сауатты болса екен деймін!

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61