Bugin

Жандарбек Бұлғақ ораторлық туралы кітап жазды

"Кітап жазудағы негізгі миссиям – қанда бар қасиетті қайта ояту"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

7.03.2021 жылы Алматы төрінде Жандарбек Бұлғақтың "Сөз менеджменті" кітабының тұсауы кесілді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Тұсаукесер рәсімі қазақтың тойынан кем түспеді. "Тойға" Мұхаметжан Тазабек, Төреғали Төреәлі, Әбдіжаппар Әлқожа мен Ғаділбек Жаңай келді. Олардан бөлек тұсаукесерге Қуаныш Шонбай, Сырымбек Тау, Құлан Мектепберген сынды танымал кәсіпкерлер қатысты.

Іс-шара басталмас бұрын экраннан кітаптың маңызын айқындайтын видео көрсетілді. "Ойын орнықты жеткізе алмай қоғам қысымына ұшырап жүргендер көп",-деді Жандарбек мырза видеода.

Видеодан кейін сахнаға автордың өзі шығып "Кітап жазудағы негізгі миссиям – қанда бар қасиетті қайта ояту" деп мәлімдеді. Жандарбек Бұлғақтың айтуынша кітап мазмұнына ерекше көңіл бөлінген. "Тойда бата беруден бастап мінберге дейінгі сөз сөйлеу аясындағы тақырыптарды түгел қамтыдық",- деп атап өтті. 

Кітаптың тұсауын Мұхамеджан Тазабек кесті. "Бұл – қазақтың қуанышы. Абайдың жолы Жандарбек сияқты қазақ жігіттері арқылы жалғасып жатқанына қуанамын" деді ол. 

Кітап 5900 теңге тұрады. Арнайы тапсырыс арқылы сатып алу мүмкіндігі бар.