Bugin

Депутат: Ауыр жұмыста істейтін азаматтарды зейнетке ерте шығару керек

Полицейдің ерте зейнетке шыққаны - әділетсіз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Полицейлерді ғана 45 жасында ерте зейнетке шығару – әділетсіздік. Өндіріс пен ауыр жұмыста жүрген азаматтар да ерте зейнетке шығару керек. Осылай деді ҚР Парламентінің пленарлы отырысында мәжіліс депутаты Александр Милютин премьер-министр Асқар Маминге жолдаған сауалында. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Депутаттың айтуынша, азаматтар жұмысының ауыр не жеңіліне қарай зейнетке шығуы тиіс.

"Зейнетақы заңнамасында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ғана ерте жастан зейнетке шығуына рұқсат берілген. Біз мұны әділетсіздік деп ойлаймыз. Өйткені шахтер, металлург және өнер саласы мамандарының жұмысы бұдан да ауыр әрі кәсіби қабілетін ерте жоғалтады. Зейнетақы заңнамасы азаматтардың зейнетке шығуын сала не мамандық бойынша бөлуі дұрыс емес. Еңбек жағдайы мен жұмысының ауырлығы тең дәрежеде есептеліп, ауыр жұмыста істейтіндерді ертерек зейнетке шығару керек", - дейді Милютин.

 Сөз барысында депутат зейнетақыны өсірерде жылдық инфляцияны есептеп қосқан дұрыс емес. Оның ойынша, маңызды азық-түлік бағасының өсуіне байланысты зейнетақыны өсіру керек. Сонда зейнетақының көлемі көбірек болады.

"Зейнеткерге ең алдымен азық-түлік қажет. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен қызметтің бір жылда қалай қымбаттағанына байланысты зейнетақысын өсіру қажет. Өміріне қажетті тауарларды сатып алуына қаржысы жетуі тиіс", - дейді депутат.