Bugin

Шымкентке 2 мың қандас көшіп келді

Шымкент мегаполис мәртебесін алғалы 2 мыңға жуық қандас қоныс аударды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент – республикалық маңызы бар қала деп танылғанына 3 жылға жуықтады. Осы уақыт аралығында көрші елден 1275 отбасы қоныс аударып, 1999 азамат қандас мәртебесін алды. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәліметінше, қалаға жыл басынан бері көшіп  келген 227 отбасындағы  300-ден азаматқа қандас мәртебесі берілді. Елге оралғандардың дені - Өзбекстаннан қоныс аударғандар. 

Шаһарға қоныс аударғандардың 3%-ы - алыс шетелден келсе, 0,6%-ы - Ресей мен Қытай келіп отыр.

Алыс-жақын шетелден көшіп келген қандастар қалада 11 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан оралманды бейімдеу және ықпалдастыру орталығына орналасады.

Арнайы орталықта жарты жыл заңнамаға сай бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін алады. Қазіргі таңда, орталықта 12 отбасы елге бейімделуде. Олар дәнекер, массаж, компьютерлік графика, шаштараз, есепші, кондитер, тігінші, сантехник, электрик, жиһаз жинаушы мамандақтарына машықтанып, кәсіп үйреніп отыр.