COVID-19

Қажылыққа бару үшін екпе алу міндеттеледі

Карантинге байланысты 2020 жылы мыңнан аса адам ғана қажылыққа барған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрі Тевфик Эль Ребия қажылық өтейтіндер үшін Covid-19 вакцинациясы міндетті екенін ресми түрде мәлімдеді.  

Министр Ребия шілде айында Мекке, Медина және қасиетті жерлерге медицина қызметкерлерін жеткізуге дайындықты бастау керектігін айтқан. Сондай-ақ, министр қажылар үшін «Ковид-19» комиссиясын құруды тапсырды. 2021 жылы екпе салдырған адамдар ғана қажылыққа бара алады.

Жыл сайын әлемнің 180-нен астам елінен 2,5 миллион адам Сауд Арабиясындағы Мекке мен Мәдинаға қажылыққа келеді.

Өткен жылы Сауд Арабия билігі коронавирустың өршуіне байланысты мыңнан аса адамға ғана қажылық жасауға рұқсат берді.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61