Bugin

20 миллион теңге – 20 үй

Инстаграм желісінде "ННН" деген атпен танылған Нұрдаулет мүмкін емес ешнәрсе жоқ екенін тағы бір дәлелдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Нұрдәулет – Instagram желісінде "Армандар орындалады" деп ұрандатып жүрген жас блогер. Ол біраз уақыт бұрын оқырмандарымен бірге 20 миллион теңге қаражат жинап, 20 мұқтаж отбасыға үй сыйламақшы болды. Бұл іс біразға созылғаннан кейін халық оны айыптай бастаған. Алайда ол 2021 жылдың 10 наурызында YouTube желісінде жаңа бейнежазбамен бөлісті. Бейнежазбада Жаңаөзен қаласына барып, үйге зәру жандарды тауып, бір үйді табыстағанын көрсетеді. Мәскеуден бірден Ақтау қаласына келу себебі де осы екен. Оның ендігі мақсаты – қалған 19 үйдің кілтін де шын мұқтаж жандарға ұстату.