Bugin

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бастығы сотталды

Алаяқтық жасағаны үшін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК депатаменті басқарма басшысының орынбасары Ермек Арыстан сотталды. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Оған осыған дейін, 2021 жылдың 25 қаңтарында Есіл аудандық соты әйелі Эльмира Дүйсенқызы екеуін алаяқтықпен айналысқаны үшін бостандығын шектеу жазасына кескен. Енді міне бостандығын шектеу емес, одан қаталырақ жаза – бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Ерлі-зайыпты зардап шегушінің ұлын ҚР ҰҚК Академиясына оқуға түсіріп береміз 15 мың долларын сұраған. Соған орай Ермек Арыстанға қызметтік құзіреттілігін қолданып, алаяқтыққа барды деген айып тағылды.

"6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Өмір бойы мемлекеттік қызметтен шететілді. Қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде жазасын өтейді. Ал әйелі Дүйсенқызының жазасы өзгеріссіз қалды. Сотталушылардың адвокаты аппеляциялық шағым түсіргенімен, оны қабылдауға негіз жоқ деп табылды", - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.