Bugin

Қазақстанда колледжде оқу мерзімі қысқарады

Биыл 180 колледжді жаңғырту аяқталады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Колледждерде оқу мерзімін қысқарту жоспарланғанын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

"Бүгінде заңнамалық деңгейде колледждерде оқу мерзімдерін белгілеу туралы норма алынып тасталды. Тоғызыншы сыныптар базасында оқу мерзімін 3,6 жылдан 2 жылға дейін және 11 сыныптар базасында 2,6 жылдан 1,5 жылға дейін қысқарту жоспарланып жатыр.

Колледждер оқу мерзімін өздері реттеп, өз өнімдерін сату мүмкіндігіне ие болады", ‒ деді Білім және ғылым министрі үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Аймағамбетов биыл 180 колледжді жаңғырту аяқталатынын атап өтті. Қорытынды бойынша әрбір өңірде дамыған материалдық, техникалық жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары бар кемінде жеті қазіргі заманғы колледж жұмыс істейтін болады.