Әлем жаңалықтары

Тоғызыншы планета анықталды

Ғалымдардың тұжырымы бойынша Құс жолында тағы бір планета бар. Ол Плутонның арғы жағында орналасқан тоғызыншы планета

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Плутонның бар екені туралы білуден бұрын ғалымдар Нептунның артында тағы бір планета бар деген теорияны алға тартты. Бұл жорамалда оларға гравитациялық әсерге негізделген есептеулер көмектесті. Біраз уақыт астрономдар Нептунға Плутон әсер етті деп ойлады, бірақ ол мұндай әсерді жалғыз өзі жасай алмайды деген қорытындыға келді.

Қазіргі кездегі астрономдар Плутон біздің Күн жүйесіндегі ең алыс планета дегенге сенбейді. 2016 жылы Калифорния технологиялық институтының зерттеушілері Плутонның артында Күнді айналып өтетін тағы бір планета бар деген қорытындыға келді.

Ол алыс қашықтықта орналасқан. Тіпті ғалымдар ол планетаны телескоппен көре алмайтынын растады. Бірақ математиктердің есептеуі бойынша тоғызыншы планета бар. Бұл аспан денесі Күннен 240 триллион шақырым қашықтықта орналасқан және Жерден үлкен, кем дегенде 2 есе, ал максимум - 15.

мақала авторы: Jalgas Asambayev