Білім және ғылым

Журналистика мамандығын оқытатын қазақстандық университеттер

Журналист – қоғам мен билікті байланыстырушы маман. Қазіргі таңда жылдан жылға білікті журналисттер саны көбейіп жатыр. Біз қазір сіздерге бұл мамандықты еліміздің қай ЖОО-да меңгеруге болатыны жайлы айтпақпыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
  1. ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ                                   
    Универ 1934 жылы қаланған. 87 жыл бойы өмір сүріп келе жатқан университет журналистиканың "қара шаңырағы" болып саналады. Қазақ ұлттық университетінен Әбіш Кекілбаев, Дулат Исабеков, Олжас Сүлейменов, Әзілхан Нұршайықов сияқты әйгілі ақын-жазушылар түлеп шыққан. Бұл универдің журналистика факультетіне ҰБТ-да Қазақстан тарихы мен оқу сауаттылығы пәндерімен қоса, универдің өзінде шығармашылық емтихан тапсырасыз.
  2. Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ                  
    Университет Нұр-Сұлтан қаласында 1996 жылы(сол кезде Астана) құрылған. Университет 2007 жылы «ТМД ең үздік компаниясы» алтын жұлдызымен марапатталған. 2012 жылы «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымындағы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанған. Бұл универдің журналистика факультетіне де шығармашылық емтихан арқылы түсуіңізге болады.
  3. СУЛЕЙМЕН ДЕМИРЕЛ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ                                        Университетті 1996 жылы 17 желтоқсан күні ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев пен Түркия мемлекетінің президенті Сүлеймен Демирел ашты. Бұл универ Алматы облысы, Қаскелең қаласында орналасқан. Бұл универдің басқаларынан айырмашылығы, барлығы жаңартылған форматта өткізіледі. Басқа елдерден келген оқытушылар саны өте көп. Жаңа заманның универі СДУ-де журналистика факультетінде оқығыңыз келсе, шығармашылық емтихан сұрақтарын https://sdu.edu.kz/ сайтынан қарай аласыз.

Журналист – бұрынғы және қазіргі заманның жалғасы. Ел мен халықтың болашағы үшін болашақ білім алатын универіңізді тыңғылықты таңдауға кеңес береміз.