Әлем жаңалықтары

32 жыл бойы тас жеп келген адам

Үндістанның Махараштра штатында 32 жылдан бері тас жейтін қария тұрады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Рамбхау Бодке (Rambhau Bodke) алғаш рет тастың дәмін 1989 жылы татып көрген. Оның мұндай әрекетке баруына ауылдағы кейуаналардың бірінің кеңесі себеп болыпты. Ол тас жеу асқазанындағы ауырсынуларды басатынына сендірген екен. Содан бері асқазаны тастың арқасында жазылып кеткеніне әбден сенген азамат күн сайын бір тастан жеп отыруды әдетке айналдырған.

Бүгінде Бодке 80 жаста. Қария бір күнде шамамен 250 грамм тас жейтінін айтады. Ол бұл әдеті дәрігерлерді шошытып отырғанын да жасырмайды. Десе де, ақсақал тастағы кальций оған күш беретініне сеніп отыр. Бір қызығы тас жеу денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін екеніне қарамастан, қария бүгінгі күнге дейін дін аман жүр.

мақала авторы: Jalgas Asambayev