Bugin
12 жылға сотталуы мүмкін
Ақмола облысының полицейлері "Қазақмыс" тау-металлургия комбинатынан 1,5 млрд теңге қолды қылғандар ұсталды. Бұл жайлы Sputnik Қазақстан хабарлады.
Комбинат әкімшілігің есепшотынан ірі көлемде ақша ұрланғанын 23 ақпан күні хабарлап, полицияға жүгінген. Айтуынша, комбинаттың есепшотынан 3,6 млн доллар (1,5 млрд теңге) ұрланған көрінеді.
Тергеу барысында 37 жастағы қаржы бөлімінің маманы мен оның азаматтық күйеуі ақшаны ұрлауы мүмкін деген күдік тағылып, қылмыстық іс ашылды.
"Ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - дейді Ақмола облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлнұр Пинчук.
Қазір күдікті қамауға алынды. Тергеу органы ұрланған қаржы табу мен қайтарту бойынша шаралар қолдануда.